<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Ашылмайтын бұл әлі құпия-сыр</title>
<lyrics>[V1]
 Әркімдер-ақ сұрап жүр Ғайса кім деп
 Кейбіреулер пайғамбар Ғайса демек
 // Ашылмайтын бұл әлі құпия-сыр
 Сондықтан түсіндірме бергенім жоқ-ай //

[V2]
 Егер де бәріне айтсам Ғайса сол деп,
 Найза ұшында өлтірер мені түйреп.
 // Жемтігімді көмуге де бермей рұқсат
 Өлімтіктей тастар еді итке сүйреп //

[V3]
 Ғайсаның туы айтады бері жүр деп,
 Сенбейтін кейбіреулері Оған күлмек.
 // Ғасыр бойы алысқан дұшпандар-ай,
 Маңдайына дақ салмақ Оны күндеп //

[V4]
 Ұстара әділ тілі Ғайса тілі,
 Асауды жуасытар тірі жүндеп.
 // Қиянатшыл замандар өтсе-дағы
 Ғайса жолы мәңгілік өмір сүрмек. //</lyrics>
<author>Сұлтанмахмұт Торайғыров, Неизвестен</author>
</song>